Шоу-бизнес

"Сынақ өткердік": Белгілі әзілкештің жары отбасы туралы ақтарылып жазба жазды

"Сынақ өткердік": Белгілі әзілкештің жары отбасы туралы ақтарылып жазба жазды

Белгілі әзілкеш Асылбек Боранбаевтың өмірлік жары ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол отбасы болғандарына 32 жыл толғанын жазып, жүріп өткен жолдарын еске алды. 

"32 жыл – бір шаңырақ астындағы бақытты ғұмыр. 

Бүгін отбасы құрғанымызға 32 жыл толды. Осы жылдар ішінде қуанышымыз да, сынағымыз да бірге өтті. Бір-бірімізге тірек болып, сыйластық пен сенімді сақтап, берекелі шаңырағымызды бірге көтердік.

Аллаға сансыз шүкір, осындай ғұмыр сыйлағанына. Отбасымызға амандық, денсаулық, береке-бірлік, балаларымыз бен немерелеріміздің қызығын бірге көруді нәсіп етсін.

32 жыл – жай ғана сан емес, ол – махаббаттың, төзімнің, сыйластықтың және шынайы бақыттың белгісі. Осындай бақытты сәттеріміз көп болсын!", деп жазды ол. 

Барлық жаңалық