Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесіндегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәлімет шықты.
Дәрігерлердің айтуынша:
Көкшетаудағы облыстық ауруханада 3 науқас ем қабылдап жатыр
Оның ішінде 2 адам жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда
1 науқас травматология бөлімінде бақылауда
1 пациент үйіне шығарылды
Алғашқы күндері ауыр халдегі 5 адам санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілген.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 27 ақпанға қараған түні болған. Газ жарылысы салдарынан өрт шығып:
11 адам қаза тапты
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, нысан иесі қамауға алынған.