Шоу-бизнес

ШОК! Айдана Меденова орамалын шешті (ВИДЕО)

ШОК! Айдана Меденова орамалын шешті (ВИДЕО)

Танымал әнші, «КешYOU» тобының экс-вокалисі Айдана Меденова әлеуметтік желіде жариялаған жаңа бейнежазбасымен көпшіліктің назарын аударды деп жазады Оzgeris.info

 

Видеода өнер иесі ән шырқап, өлең оқып отырғаны байқалады. Бұл жайт оның өнерге қайта оралғанын аңғартты.Алайда желі қолданушылары үшін ең күтпеген сәт Айдана Меденованың хиджабсыз көрінуі болды. Осыған байланысты пікірлер екіге жарылды. Дегенмен, оқырмандардың басым бөлігі әншіні сынға алудан гөрі қолдау білдіріп жатыр.

 

Көпшілік пікірінде:

 

«Иман тек орамалмен өлшенбейді», «Өнерге оралғаны қуантады», «Өте сұлу» деген жылы лебіздер жиі жазылуда. Айдананың бұл қадамы желіде қызу талқыланып, қоғам назарын өзіне аударды.

 

Алайда Айдана Меденова хиджабын шешу себебіне қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

 

Барлық жаңалық