Шоу-бизнес

Серік Ибрагимов өзіне 100 млн теңгеге сыйлық жасады

Серік Ибрагимов өзіне 100 млн теңгеге сыйлық жасады

Танымал әнші Серік Ибрагимов өзіне және жұбайы Айнамкөзге қымбат көлік сыйлағанын көрсетті.

«Біздің жаңа темір тұлпарларымыз. Баршаңызға жұғысты болсын», - деп жазды әншінің келіншегі Айнамкөз Абдимаева желіде жариялаған видео сипаттамасында.
Өнер иесі желідегі парақшасында көліктің атауын сұрап, қызығушылық танытқан адамдар үшін оның фотосын жариялап, құны – 100 миллион теңге тұратынын айтқан.
«100 млн теңгенің машинасы», - деп жазды ол Instagram желісінде.
Барлық жаңалық