Жаңалықтар

Сандық төңкеріс және ұлттық қауіпсіздік: Президент Парламенттің соңғы жиынында мәлімдеме жасады

Сандық төңкеріс және ұлттық қауіпсіздік: Президент Парламенттің соңғы жиынында мәлімдеме жасады

Астана төрінде Парламент палаталарының бірлескен ең соңғы тарихи отырысы өтіп жатыр. Ауқымды жиынға Мемлекет басшысы арнайы қатысып, ел дамуының басты бағыттарын айқындап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеру қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл жауапты міндетті мүлтіксіз орындау үшін мемлекеттік қызметкерлер, академиялық институттар, ғылыми және саясаттану орталықтары, сондай-ақ халықаралық ұйым өкілдері бірлесе күш салуы қажет. Бұл іске әрбір жауапты тұлға атсалысуы тиіс. Президент өткен жылғы Жолдауында Қазақстанды үш жыл ішінде озық цифрлы мемлекетке айналдыру туралы тапсырма берген болатын. Бұл мақсат әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Өйткені аталған міндеттің дер кезінде орындалуына еліміздің болашағы тікелей байланысты болып отыр.

Мемлекет жетекшісі Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтуға қатысты мәселелердің әлі де толық шешімін таппағанын ашық жеткізді. Алдағы уақытта сыртқы сын-қатерлер мен қауіптердің арта түсуі әбден мүмкін. Сондықтан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бұқара халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсарту ең негізгі меже болып қала бермек. Президент бұл оң өзгерістер мен даму үрдісінің ешқашан тоқтамайтын тұрақты құбылысқа айналуы тиіс екенін айтып, сөзін қорытындылады.

Барлық жаңалық