Жаңалықтар

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты

Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Қайғылы оқиға 22 тамыз күні таңғы сағат 07:00 шамасында Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда тас жолында болған.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ бен Nexiaмаркалы автокөліктер соқтығысқан.

«Қазір тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары басталды. Істің барысы облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды.

Әлеуметтік желіде жол апатынан көз жұмғандардың Өзбекстан азаматтары екені туралы ақпарат тарады.

 
Барлық жаңалық