Жаңалықтар

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында Mazda және Chevrolet Cobalt көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі жарақат алды.

Жол апаты бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескере отырып қауіпсіз жылдамдық таңдауға, арақашықтықты сақтауға және рөлде аса мұқият болуға шақырды.

Барлық жаңалық