Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік мәселелерін талқылаған жиында мемлекеттік органдардағы байланыс қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды, деп жазады Ozgeris.info.
Мемлекет басшысы халықаралық мессенджерлер арқылы жеке деректердің, соның ішінде ЖСН мен денсаулық туралы ақпараттың таралуы заң бұзушылыққа және деректердің шетелге кетуіне әкелетінін айтты.
Осыған байланысты ол барлық жеке дерекке қатысты ресми хат-хабарларды қазақстандық Aitu мессенджері арқылы жүргізуді ұсынды. Тоқаевтың айтуынша, бұл деректердің қауіпсіздігін арттырады және ұлттық юрисдикцияда сақтайды.