Жаңалықтар

Қазақстан әскери қызметінде тағы бір сарбаз көз жұмды

Қазақстан әскери қызметінде тағы бір сарбаз көз жұмды

Қазақстан әскери қызметінде тағы бір қайғылы жағдай болды – Шығыс Қазақстан облысы, Жангізтөбе поселкесіндегі 47007 әскери бөлімінде жасақтағы сарбаз қаза тапты. Бұл туралы Оzgeris.info сайты Қорғаныс министрлігіне сілтемемен хабарлайды.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 23 қаңтар күні кешкі уақытта болған. Әскери қызметші күзетте тұрған кезде өзіне бекітілген АК-74 қаруынан әдейі атыс жасаған деген болжам бар.Өткен жылы көктемде шақырылған сарбаз алған жарақатынан қайтыс болды.

 

Іс бойынша ІІМ әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады, ал әскери бөлімде Қорғаныс министрінің орынбасары басшылық ететін комиссия жұмыс істеп жатыр.

 

Қаза болған сарбаздың отбасына қажетті көмек көрсетілетіні уәде етілді.

Барлық жаңалық