«Қазақмыс» компаниялар тобында Safety Stand Down форматындағы кездесулердің алғашқы циклі аяқталды. Мамыр айының бірінші жартысында басшылық өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін негізгі өндіріс алаңдарын аралап, еңбек ұжымдарымен тікелей диалог құрды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Кездесулер компанияның барлық өндірістік активтерін қамтыды. Жиындар мыс қорыту зауыттары мен байыту фабрикаларында, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Нұрқазған, Қарағайлы өндірістік алаңдарында, сондай-ақ Шатыркөлден бастап Жомартқа дейінгі кеніштерде өтті. Жалпы алғанда 5 мыңнан астам жұмысшы қатысқан 60-тан аса кездесу ұйымдастырылды.
Кәсіпорындардың қызмет бағыты әртүрлі болғанымен, басты тақырып біреу болды – өндірістік жоспарды қауіпсіздік талаптарын бұзбай орындау. Нарядтық учаскелер мен цехтарда жұмысшылардың күнделікті жұмысында кездесетін нақты тәуекелдер егжей-тегжейлі талқыланды.
Жиындар қорытындысы бойынша компанияның өндірістік мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс негізгі қағидаттар бекітілді:
-
Қауіпсіздік – басты басымдық: адам өміріне қауіп төндіретін кез келген жұмыс дереу тоқтатылуы тиіс.
-
Жазасыз жауапкершілік: айқын тәуекелді байқап, өндірістік процесті тоқтатқан қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.
-
Кері байланыс: «бес минуттық кездесу» форматы басшылыққа өндірістегі нақты мәселелерді құрылғылармен тікелей жұмыс істейтін адамдардың өзінен естуге мүмкіндік берді.
Safety Stand Down кездесулерінің алғашқы циклі – жүйелі жұмыстың бастамасы ғана. 2026 жыл корпорацияда «Қауіпсіздік жылы» деп жарияланды, сәйкесінше мұндай тоқтату жиналыстарын өткізу тұрақты сипатқа ие болады. Компания адам өмірін ортақ жауапкершілік деп танитын «нөлдік жарақат» мәдениетін қалыптастыру шараларын кезең-кезеңімен күшейте бермек.