Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды деп хабарлайды Оzgeris.info.
Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен бөлек, 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты. Халықаралық шара барысында тараптар жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бастамаларды талқылады.
Аталған кеңес бейбітшілікті сақтау, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту және халықаралық диалогты дамыту мақсатында құрылған. Қазақстанның бұл бастамаға қосылуы елдің бейбітшілік пен келісімге бағытталған сыртқы саясатын тағы бір мәрте айқындай түсті.