Жаңалықтар
Қарағанды шахтасындағы қаза: Жәбірленушілер айыпталушылардан моральдық өтемақы талап етті
08.04.2025
315
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өмірін қиған жарылысқа қатысты атышулы іс бойынша өткен сот отырысында жәбірленушілер айыпталушылардан моральдық өтемақы өндіруді талап етті, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі KazTAG порталына сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, кейбір жәбірленушілер моральдық зиянды өтеуді бірлескен тәртіпте өндіру туралы азаматтық талап қойған. Бұл өтемақы сомасы ондаған миллион теңгені құрайды. Сот оларды азаматтық талапкер ретінде таныды.
Сонымен қатар, талап арыз берген жәбірленушілердің бірі соттан айыпталушылардың мүлкіне тыйым салуды сұраған. Алайда, сот талап қоюшы нақты дәлелдер келтірмегенін алға тартып, бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Айта кетейік, сот алдына 10 адам – шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық құрам өкілдері шықты. Оларға Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, бірнеше адамның өліміне алып келу) бойынша айып тағылған. Бұл бап 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сот процесі Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының №61 мекемесінде өтіп жатыр. Істі судья Бахтияр Ақанов қарап жатыр.
Аталған іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылған. Қаза болғандардың туыстары бұған дейін шахта басшылығымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының да жауапқа тартылуын талап еткен еді.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 28 қазанына қараған түні Костенко атындағы шахтада болған жарылыс салдарынан 46 кенші қаза тапты, тағы 28 адам жарақат алды. Бұл — «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басқарып тұрған 30 жыл ішіндегі ең ірі өндірістік апат болды. Осы қайғылы оқиғадан кейін билік компанияның иесі мен инвесторын ауыстыру туралы шешім қабылдады.
-
Алматыда мектепке шабуылдың алдын алды: 6-сынып оқушысы балтамен ұсталды17:26, 24 сәуір 2026
-
"Өте ұят тірлік!": Еркебұлан Тоқтар айыппұл арқалады (ВИДЕО)17:24, 24 сәуір 2026
-
Имам да цифрланды, енді сұраққа ЖИ жауап береді17:21, 24 сәуір 2026
-
"Бәрі шырылдап, жүгіріп жүр": Жанабыловтың келіні жылап қалды (ВИДЕО)17:17, 24 сәуір 2026
-
Уколсыз тексеру, «ақылды» ұстаз: ЖИ Қазақстанда не істеп жатыр?17:16, 24 сәуір 2026
-
Базалық мөлшерлеме неге асықпай төмендейді?16:49, 24 сәуір 2026
-
Танымал әзілкеш Түркістан күрес федерациясының вице-президенті болды16:36, 24 сәуір 2026
-
Шымкентте экс-баспасөз хатшысы 5 жылға сотталды: Арай Есенбек ісінің нүктесі қойылды16:31, 24 сәуір 2026
-
Тоқаев "Alem.ai battle" ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттады16:18, 24 сәуір 2026
-
"Үйіміз ескі деп жылайтынмын": Жазира Байырбекова бала кезін еске алды (ВИДЕО)16:15, 24 сәуір 2026
-
-
"1 миллион беремін": Баян Алагөзова ақша таратып жатыр (ВИДЕО)09:54, 24 сәуір 2026
-
"Сан соқтырып кетті": Наркенже Серікбаева кутпеген жазба жариялады (ФОТО)15:17, 24 сәуір 2026
-
-
"Өзі өтініш жасады": Қайрат Нұртас елде жоқ дуэт жазып, жаңалығын жариялады (ВИДЕО)15:02, 24 сәуір 2026
-
"Мәзсің бе, қайыршы?": Тұрсынбектің тоқалы желіде оқырманымен дауласты (ФОТО)09:00, 24 сәуір 2026
-
-
Атыраудағы қанды қылмыс: Күдікті Сұлтанға қатысты күтпеген ақпар шықты14:34, 24 сәуір 2026
-
"Үйіміз ескі деп жылайтынмын": Жазира Байырбекова бала кезін еске алды (ВИДЕО)16:15, 24 сәуір 2026
-
-
-
"Ақшадан қиналдық": Интим видеосы тараған жұп мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:53, 17 сәуір 2026
-
“Қажалып қан болды”: Тамара Асар аяғындағы протезін ауыстыруға барғанын айтты10:02, 17 сәуір 2026
-
-
-
-
«Әй, мәйіт жатыр ғой, әруақты сыйла»: Шахановтың жаназасындағы жайт көпті шошытты16:43, 22 сәуір 2026
-
-
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Ешкімге сенбеңіздер!": Жазираның келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады12:30, 30 наурыз 2026