Бас прокуратура Вьетнамда ұсталған қазақстандық блогер Қайсар Қамзаны елге қайтару жұмыстарымен белсенді айналысып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Бұл туралы Бас прокуратураның «Kursiv Media» басылымына берген ресми жауабында белгілі болды.
Прокуратура өкілдері блогерді ұстап беру туралы ресми сұрау Вьетнамға жолданғанын және бұл процесс екі мемлекет арасында 2017 жылы бекітілген арнайы шартқа сай жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.
Алайда блогердің елге нақты қай күні әкелінетіні әзірге белгісіз. Екі ел арасындағы келісімде мұндай сұрауларды қараудың нақты мерзімі көрсетілмегендіктен, мәселе толығымен Вьетнамның ішкі заңнамасы аясында шешіледі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қайсар Қамзаның Вьетнам аумағында ұсталған, кейін блогердің өзі желіде арнайы видеоүндеу жариялаған еді.