Жаңалықтар

"Пышақты қалтама байқаусызда салып алдым": Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті сотта жауап берді

"Пышақты қалтама байқаусызда салып алдым": Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті сотта жауап берді

Бүгінгі сот отырысында Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті Шерхан Аймахан жауап берді. Ол өзіне тағылған ауыр айыптармен мүлдем келіспейтінін жеткізді. Сотталушы "Мен өз қылмысымды мойындамаймын" деп кесіп айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Сот барысында күдікті қайғылы оқиғаның жай-жапсарын түсіндіруге тырысты. Ол марқұм екеуінің арасында шынайы сезім болғанына сендірді. Жігіт қызға үнемі сый-сыяпат жасап, қаржылай қолдау көрсетіп тұрған. Тіпті Нұрайдың алып қашуға өз еркімен келісімін бергенін алға тартты.

Оқиға болған күні марқұм оған шылым шегуді үйреткен екен. Содан соң біржола қоштасуға келгенін жеткізіпті. Дәл осы сәтте жігіт көлік ішіндегі үлкен және кішкентай екі пышақты байқаусызда толстовкасының қалтасына салып алған.

Күдікті қыздың өзін ауыр сөздермен балағаттағанын мәлімдеді. Оған қоса Нұрай өзі берген пышақпен жігітті жарақаттап үлгерген. Бұдан кейінгі жағдайлар күдіктінің жадынан мүлдем өшіп қалған. Ол сол уақытта қатты аффект күйінде болдым деп ақталды.

Барлық жаңалық