Шоу-бизнес

"Проходной двор емес" деді": Мөлдір Әуелбекованың экс енесі әншінің қандай келін болғанын айтты (ФОТО)

"Проходной двор емес" деді": Мөлдір Әуелбекованың экс енесі әншінің қандай келін болғанын айтты (ФОТО)

"КешYou" тобының экс-әншісі Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы енесі алғаш рет ашық сұхбат беріп, көпшілік біле бермейтін жайттарды айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Арыстанның анасының сөзінше, Мөлдір мен ұлы бір-бірін сүйіп, шаңырақ көтерген. Алайда уақыт өте келе араларында түсініспеушілік туындап, екі жас екі жаққа кеткен. Сондай-ақ ол ажырасқаннан кейін немересін көре алмай жүргенін айтып, ренішін жасырмады.

"Мөлдір түрлі сұхбат береді, бірақ бұл жайлы ештеңе айтпайды. Немеремізді көрсетпей қойды. Тіпті “әкемнің үйі проходной двор емес” деген кезі болды", - дейді ол.

Бұрынғы енесі әншіге ешқандай жамандық жасамағанын, керісінше жақсы қабылдап, араларына араласпағанын айтты.

"Мөлдір “әпкесі мен шешесі күн бермеді” деп айтты. Бірақ онда неге екінші күйеуімен де ажырасты?", – деп пікір білдірді Арыстанның анасы.

Барлық жаңалық