Қоғам

Полицияға Egov Mobile арқылы хабар беруге болады

Қазақстанда енді заң бұзушылық туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлауға болады, деп жазады Ozgeris.info.

Қосымшада «Заң және тәртіп» атты жаңа белгіше пайда болды. Бұл жаңалықты Ішкі істер министрлігі растады.

Мемлекеттік сервистер енді тек құжат рәсімдеумен шектелмей, қауіпсіздікке де араласа бастады. Министрлік хабарлауынша, қолданушы қосымшада қарапайым өтініш формасын толтырып, қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасындағы зорлық-зомбылық немесе жол апаты сынды оқиғалар туралы хабар жібере алады.

«Полиция хабарлама түскен бойда әрекет етеді. Қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және елдің барлық өңірін қамтиды», дейді ІІМ өкілдері.

Ұқсас функциялар бірнеше банк қосымшаларында бұрыннан бар. Бірақ бұл жолы мемлекеттік жүйе арқылы тікелей құқық қорғау органдарына жету мүмкіндігі пайда болды. 

 

Барлық жаңалық