Павлодарда терезеден құлаған бала ауруханадан шықты. Ол бір жыл бойы оңалтудан өтеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Басылымның облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, 13 тамызда 2017 жылы туған бала оң динамикамен ауруханадан үйге жіберілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
"Бір ай ішінде қатаң төсек режимін сақтау қажет. Болашақта тұрғылықты жері бойынша оңалту орталығында жыл бойы оңалту қажет", - деді басқармадағылар.
Басылым мәліметіне сүйенсек, баланы терезеден лақтырды деген анасы әлі ем алуда. Ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда екені хабарланды. Оған өкше сүйектері мен оң жақ иық сүйегінің сынуына байланысты операция жасалды.