Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың 100 баласы бар екені туралы қауесет біраздан бері интернетте айтылып жүрген. Жақында кәсіпкер бұл әңгімені растады, деп жазады Ozgeris.info.
Француз басылымына берген сұхбатында ол:
«Үш әйелден алтауы – менің ресми балаларым. Ал қалғандары мен бұрын донор болған кезде дүниеге келгендер», деп мәлімдеді.
Дуровтың сөзінше, ол шамамен 15 жыл бұрын клиникада сперма доноры болған. Сол уақыттан бері 12 елде жүзге жуық бала дүниеге келген. Алайда кәсіпкер олардың ешқайсысына байлығын қалдырғысы келмейді.
«Менің байлығыма ондай оңай жолмен ешкім жетпейді. Кемінде 30 жыл бойы мұраға иелік ете алмайды. Адам өзі еңбек етіп, өмірін өзі құруы керек. Байлық дайын күйінде берілмеуі тиіс», дейді ол.
Оның айтуынша, Telegram платформасы да сақтандырылған. Егер Дуровтың өміріне бірдеңе болса, мессенджер мұра ретінде балаларына емес, арнайы құрылған тәуелсіз қорға өтеді.
Кәсіпкердің бұл шешімі әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырды. Біреулер оны жауапты әрі көреген қадам десе, енді біреулер «қатал, бірақ әділетті» деп бағалап отыр.