Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырманымен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Желі қолданушысы Айдарбекованы құдасының тойына бармағаны үшін сынап тастаған.
"Келін мынандай болу керек деп елге ақыл әдемі айтасыз да, бірақ неге ене ретінде, құдағи ретінде тойға бармадыңыз? Сіз ақылыңызды неге өзіңізге қолданбадыңыз, шетелге кете салмай, әрі үшінші лишний болып — бұл мүлдем ерсі ғой. Жас баланың тірлігін жасайсыз. Қайратты, немелеріңізді шын жақсы көрсеңіз, оның қайын жұртын да қабылдау кере", - деп жазды продюсердің оқырманы.
Ашуға булыққан медиа маман пікір иесіне зілді жауап берді.
"Сенің шаруаң қанша? Саған отчет беретін менің енемсің бе, әлде Нұрекеңнің бәйбішеcіcің бе? Келін де, құда да менікі, саған еш қатысы жоқ. Өз өміріңмен алыссай, мен қайда барамын, не істеймін — ол менің шаруам. Керексіз жерге тұмсығыңды тығып тіміскілeнбe, өз әлеміңде өз өміріңді сүр. Сенің өміріңде менің шатағым жоқ, менен үлгі алып, өзіңмен алыс. Ал “мін таптым” деп қуанып, мысқылдап өз-өзіңді жұбатып, күйік кернеп, өзегің өртеніп бара жатса, жүрек дәрісін ішіп ал — ұйқың тыныш болады", - деді Айдарбекова есесін жібермей.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова туған інісін үйлендіріп, дүбірлі той жасаған еді.