Маңғыстау облысы

«Не істемек болғаны белгісіз»: Ақтауда ер адам пышақпен бөтен үйге кірмекші болған (ВИДЕО)

Ақтауда түнгі уақытта белгісіз ер адам көпқабатты үйдің қабырғасына өрмелеп, өзге пәтерге кіруге әрекет жасаған. Оқиға 8-шағынаудандағы №22 үйде болған, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Lada.kzке сілтеме жасап.

 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қолында пышақпен үшінші қабатқа дейін көтеріліп, кондиционердің сыртқы блоктарына жармасып тұрған. Тұрғындар күдіктіні байқап, иттердің үргенінен кейін полиция шақырған.

 

«Не істемек болғаны белгісіз, бірақ ол біздің үйдің тұрғыны емес. Полиция мұндай жағдайға шара қолдануы тиіс», – деді тұрғындардың бірі.

 

Кейін белгілі болғандай, ұсталған ер адам 1991 жылы туған және оқиға кезінде мас күйінде болған.Маңғыстау облысының полиция департаменті оның әрекетіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша хаттама толтырған.Заң бойынша бұл бап 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасын қарастырады.

 

Барлық жаңалық