Қоғам

«Мұғалім болмаңдар, қашыңдар»: Жас ұстаз жанайқайын жеткізді

«Мұғалім болмаңдар, қашыңдар»: Жас ұстаз жанайқайын жеткізді

Әлеуметтік желіде жас мұғалімнің педагог мамандығына қатысты айтқан пікірі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ұстаз қазіргі таңда мұғалімдердің жұмысы тым ауыр екенін айтып, қағазбастылықтың көбейгеніне шағымданған. Оның сөзінше, мүмкіндік болса, өзі де басқа салаға ауысар еді.

«Мұғалім болып керек емес, достар, қашыңдар. Шын айтамын, қолымнан бір жақсы нәрсе келсе, мұғалімдікті тастап кетер едім», – дейді ол.

Сондай-ақ жас ұстаз тәжірибелі педагогтердің өзі кезінде бұл саладан кетіп қалу керек болғанын жиі айтатынын жеткізді.

Желі қолданушыларының бірі мұғалімдердің еңбегі бағаланбайтынын айтса, енді бірі бұл пікірмен келіспейтінін жазған.

Барлық жаңалық