Жаңалықтар

"Мойнында қылғындыру ізі бар": Ерзат Шалқарұлының өліміне қатысты күдікті жайттар

"Мойнында қылғындыру ізі бар": Ерзат Шалқарұлының өліміне қатысты күдікті жайттар

Жиырма бес жастағы Ерзат Шалқарұлының жұмбақ қазасы қоғам назарын аударып отыр. Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев қайғылы оқиғаның мән-жайын ашып, істі тікелей бақылауына алды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Он тоғызыншы мамыр күні түскі сағат екілер шамасында жас азамат жұмысынан сұранып шыққан. Сол сәттен бастап ол мүлдем із-түссіз жоғалады. Ата-анасы мен туған-туыстары жігітті төрт күн бойы шарқ ұрып іздеген. Өкінішке қарай балықшылар өзен ішінен оның жансыз денесін тауып алады.

Қазіргі уақытта жауабы табылмаған сауал өте көп. Марқұмның жақындары бұл кездейсоқ апат екеніне сенбейді. Олардың пайымдауынша Ерзаттың мойнында қылғындырғанға ұқсайтын белгілер және денесінде көгерген іздер бар.

"Сол үшін де біз резонанс жасап, бұл істің соңына дейін дұрыс зерттелгенін қалаймыз. Ол не үшін, кіммен, қайда кездесті? Не үшін оны осындай айуандықпен өлтіріп кетті және лақтырып кетті деген сұрақтар бар бізде", деп нақтылады Жан Ахмадиев.

Егер аталған күдіктер расталса, бұл жай ғана суға батып кетті дей салатын іс емес. Белсенді дәл осы тұста толыққанды әрі әділ тергеу жүруі қажет екенін алға тартты. Ол ешкімді алдын ала кінәлап отырған жоқ. Бірақ адам өліміне қатысты күмәнді жағдайлар байқалса, оның бәрі міндетті түрде мұқият тексерілуі тиіс.

Бұл күрделі мәселе қазір жіті бақылауда тұр. Жақын арада іске қатысты жаңалықтар жарияланып, Ерзаттың ата-анасымен арнайы сұхбат шығады.

Жан Ахмадиев қалың бұқараға сауал тастап, әділдік үшін бірге болуға шақырды. Ол көпшіліктен

"Ерзаттың өлімі неден болды? Ол өзенге өзі түсті ме, әлде біреулердің қатысы бар ма?"

деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісуді сұрайды.

Барлық жаңалық