Астанада осы түнде кәмелетке толмаған жас қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бойжеткен дәл сол сәтте өтіп бара жатқан курьер жігіттің мотобайкына құлаған,
Құлау салдарынан алған ауыр жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаға қатысты редакция Астана қалалық полиция департаментінен ресми ақпарат сұрады.
«Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бойжеткен көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Алған жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады олар.