Шоу-бизнес

KeshYOU-дің 20 жылдық концерті: Баян Мақсатқызы тағы да даудың ортасында қалды

KeshYOU-дің 20 жылдық концерті: Баян Мақсатқызы тағы да даудың ортасында қалды

Астанада өтетін KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық концертіне билет сатып алған көрермендердің бірі әлеуметтік желіде наразылығын білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Оның айтуынша, билет сатып алу кезінде концертке топтың «Алтын құрамы» қатыспайтыны ескертілмеген. Бұл туралы ол әнші Айдана Меденованың Instagram парақшасынан білген.

«Астанада өтетін концертте KeshYOU-дың “Алтын құрамы” өнер көрсетпейді екен. Ол туралы Айдана Меденова өзінің Instagram парақшасында айтты. Мұны білмей, “Алтын құрамды” көреміз деп билет алып қойдық. “Алтын құрам” болмаса, бізге бұл концерт қызық емес. Енді билетті қайтарайық десек, қайтаруға болмайды екен. Неге олай жасадыңыздар?», – деп жазды желі қолданушысы Баян Мақсатқызына қарата.

Жарияланған хат алмасу скриншотында билет сатушы тарап оның билетін қайтару мүмкін емес екенін айтқан.

Ал Айдана Меденова оқырманының «KeshYOU-дың 20 жылдық концертінде боласыз ба?» деген сұрағына: «Жоқ, бұл жолы қатыспаймын», – деп жауап берген.

Барлық жаңалық