Жаңалықтар

Жетісуде аналарынан таяқ жеген бүлдіршіндер балалар мекемесіне орналастырылды

Жетісуде аналарынан таяқ жеген бүлдіршіндер балалар мекемесіне орналастырылды

Жетісу облысының Нұркент ауылында баласын жылу батареясына байлап, бар күшімен ұрып-соққан әйелдің екі баласы Талдықорғанда балалар мекемесіне орналастырылды. Бұл туралы Ozgeris.info хабарлайды. 

Белгілі болғандай, төрт және екі жастағы екі ұл қазір облыс орталығындағы балалар мекемелерінің бірінде орналастырылған. Бұл туралы Жетісу облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ермек Егінбаев мәлімдеді.

"Балалар қазір Талдықорғанда, қауіпсіз жерде. Оларға қажетті күтім мен барлық жағдай жасалған: ойыншықтар, тамақ бар. Бүгін мен барып, екі баламен де кездестім. Өздерін жақсы сезініп отыр. Оларға тәрбиешілер мен дәрігерлер, соның ішінде логопед пен психолог тиісті деңгейде қарап жатыр. Олардың болашақ тағдырына қатысты мәселе шешілуде және бақылауда. Біз өз тарапымыздан бұл процеске тікелей қатысып, жағдайды қатаң қадағалап отырмыз", – деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Барлық жаңалық