Алматыда 18 жастағы жасөспірім қыз көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап, тірі қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.
Куәгерлердің айтуынша, құлау кезінде қыз ішкі киімде болған. Көршілердің сөзіне қарағанда, оқиға алдында ол пәтерде дос қызымен бірге болған және алкогольдік заттар қолданған.
Алматы қаласы полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
«Жетісу аудандық полиция басқармасы бұл жағдай бойынша өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Мотив пен оқиғаның нақты себептері анықталуда», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ІІМ жасөспірімдер арасында суицидтер статистикасын жариялаған болатын. Бастапқы деректерге сәйкес, жыл басынан бері 432 бала өмірден озған. Трагедия себептері әртүрлі: біржақты махаббат, отбасыдағы жанжалдар, ата-ананың мобильді телефон қолдануға тыйым салуы, мектептегі немесе оқу мәселелеріндегі қиындықтар.