Жаңа Адамдар

«Жаңа адамдар» қозғалысы: Таразда просрочка мәселесі өзекті

«Жаңа адамдар» қозғалысы: Таразда просрочка мәселесі өзекті

Тараз қаласында «Жаңа адамдар» қозғалысының «Уақыт бітті» азаматтық науқаны аясында дүкендердегі мерзімі өткен өнімдерді анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Белсенділер қала тұрғындары арасында сауалнама өткізіп, қай сауда нүктелерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлар жиі кездесетінін анықтады. Сауалнама қорытындысы бойынша, тұрғындар ең көп атап өткен орын — «Нурила» оптомаркеті болды. Қала тұрғындары дәл осы жерде мерзімі өткен өнімдердің тұрақты түрде сатылатынын айтқан.

Жиналған мәліметтер негізінде «Жаңа адамдар» қозғалысы Самал ықшамауданы, 44А мекенжайындағы филиалға тексеріс жүргізді. Нәтижесінде үш толық арбаға жиналған, мерзімі өткен 20-дан астам өнім анықталды. Кейбір тауарлар жеңілдік аймақтарында орналастырылған.

Дүкен әкімшілігімен болған әңгіме барысында анықталған өнімдерді сол жерде жоюға ниет жоқ екені белгілі болды. Әкімшілік өкілдері диалогты жалғастырудан бас тартқан.

Осыдан кейін белсенділер «Охотники за просрочкой» форматында қайта оралып, анықталған өнімдерді өздері жоюға кірісті. Нәтижесінде шамамен 15 келіге жуық мерзімі өткен өнім айналымнан шығарылды.

«Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Аружан Жасұланқызының айтуынша, бұл мәселе тек бір дүкенмен шектелмейді. Ол бақылау әлсіз әрі немқұрайлылық қалыпты жағдайға айналған жерлерде кездеседі. Оның сөзінше, тұтынушылар белсенді болып, өз құқықтарын талап еткен жағдайда ғана жағдай өзгереді.

Барлық жаңалық