Жаңалықтар

Жаһандық өзгеріс және әділ сот: Мемлекет басшысы түркі елдерінің жоғарғы сот басшыларымен кездесті

Жаһандық өзгеріс және әділ сот: Мемлекет басшысы түркі елдерінің жоғарғы сот басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының басшыларын қабылдады. Мәртебелі меймандар елордаға арнайы сапармен келген. Олар ұйымға қарасты мемлекеттердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысады. Бұл алқалы жиын ертең киелі Түркістан төрінде өтеді. деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдер арасындағы сот және құқық қорғау саласындағы байланыстың бекемделіп келе жатқанына назар аударды. Алдағы тарихи басқосу осы ықпалдастықтың айқын көрінісі болмақ. Кез келген өркениетті мемлекеттің өсіп-өркендеуі тікелей әділ сот жүйесіне байланысты. Демек жоғарғы соттар арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі тереңдету барлық туысқан елдердің ортақ мүддесіне толық жауап береді.

Кездесу барысында жаһандық технологиялық өзгерістер тақырыбы да талқыға түсті. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер заман көшінен қалып қоймауды көздейді. Сол себепті олар уақыт талабына бейімделіп қарқынды даму жолына қадам басқан.

Барлық жаңалық