58 жасында Владимир Довжик өмірден озды
«Интерны», «Склифосовский» және «Бригада» сериалдарымен танымал актер Владимир Довжик 58 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Актердің қайтыс болғанын 1998 жылдан бері қызмет етіп келген «Человек» театры хабарлады.
«Кешегі күні үлкен достарымыздың бірі, керемет актер Владимир Давидович Довжик өмірден озды. 1998 жылы ол біздің театр труппасына қосылып, «Приключения бегемотика Бантика» және «Про Машу» спектакльдерінде актер және режиссер ретінде өнер көрсетті, сондай-ақ «Искусство» спектаклінде басты рөлдердің бірін ойнады», — делінген театр хабарламасында.
Театр әріптестері Владимирді ақылды, жан-жақты және нәзік актер ретінде, сондай-ақ өнердің дамуына үлкен үлес қосқан талантты режиссер ретінде есте сақтаған.
Баспасөз мәліметтеріне сәйкес, актердің өліміне инсульт себеп болған.
Актер туралы қысқаша
Владимир Довжик 28 мамыр 1968 жылы Мәскеуде дүниеге келген. 1993 жылы Щукин атындағы театралдық училищені тәмамдаған (Альберт Буров курсы). Сол жылы Фёдор Петрухиннің «На Муромской дорожке» фильмінде эпизодтық рөлде дебют жасаған.
Мансабында ол кино мен теледидарда жүзден астам рөлді орындаған. Танымал рөлдері: нейрохирург Юрий Михайлович Шейнман («Склифосовский»), заңгер («Бригада»), кинорежиссер Ян Фрид («Людмила Гурченко туралы фильм»), сондай-ақ клиника иесі Ефим Ширман («Интерны»).
Сонымен қатар, актер «Живой Пушкин», «Мосгаз. Дело № 11: Розыгрыш», «Мамочки» жобалары мен Станислав Говорухиннің «Конец прекрасной эпохи» фильмінде де өнер көрсеткен.