Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі 2025 жылғы 12 қарашада растады.
"Сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауда ұстауға санкция берді. Тергеу жүріп жатқандықтан, өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
ҚазАқпарат дерегінше, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Пара алу" бабымен күдікке ілінген.
Сағындық Шәбікбаев 1985 жылғы 24 шілдеде Қостанай облысында туған. 2008 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін "Инженер" мамандығы бойынша тәмамдаған.