Жаңалықтар

Хиджаб киюден бас тартқан қызын аяусыз ұрып-соққан ата-ананың әрекеті жұртты шошытты (ВИДЕО)

Хиджаб киюден бас тартқан қызын аяусыз ұрып-соққан ата-ананың әрекеті жұртты шошытты (ВИДЕО)

Қырғызстандық ата-ана 20 жастағы қызын молдаға апарып, шлангпен ұрып-соғып, жағымсыз иісті сұйықтық құйылған бөшкеге батырған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сезім дағдарыс орталығының мәліметіне, 20 жастағы Бішкек тұрғыны өз ата-анасының қатыгездігіне тап болған. Бұған оның хиджаб киюден бас тартуы себеп болыпты. Ата-ана қызын ұзақ уақыт бойы молдаға күштеп апарып, "жын шығаратын" рәсімдер жасаған. 

Жәбірленушінің айтуынша, оны шлангпен ұрып-соғып, жағымсыз иісті сұйықтық құйылған ыдысқа күштеп батырған. Сонымен қатар, ата-анасы қызының бостандығын шектеп, телефонын алып қойып, үйден шығуға рұқсат бермеген. Бойжеткен отбасының бір жылдан бері радикалды діни көзқарастарды ұстанғанын хабарлады.

Бұл жағдай желіде қызу талқыға түсті. "Сезім" орталығының өкілдері қыздың ата-анасымен сөйлескен. Осыдан кейін бойжеткенге хиджаб кимеуге рұқсат беріліпті. 

Барлық жаңалық