🌐 Әлем

Голливуд жұлдызы «Иншалла» деді: Энн Хэтэуэйдің ашық сұхбаты трендке шықты

Голливуд жұлдызы «Иншалла» деді: Энн Хэтэуэйдің ашық сұхбаты трендке шықты

Голливуд жұлдызы Энн Хэтэуэйдің жақында берген сұхбаты желі қолданушыларын сүйіспеншілікке бөледі. People журналына ашық әңгіме барысында актриса өзінің болашаққа деген тілегін айта келе, күтпеген жерден араб тіліндегі қанатты сөзді қолданды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Әйгілі өнер иесі өмірдің әр сәтінен ләззат алып, ұзақ та берекелі ғұмыр кешкісі келетінін жеткізді.

«Менің бар қалауым — денім сау болып, мағыналы өмір сүру. Алла жазса (Иншалла), соған жетемін деп үміттенемін»,

 деді Энн Хэтэуэй ағынан жарылып.

Актрисаның аузынан шыққан «Иншалла» сөзі әлем назарын бірден аударды. «Тәңірдің қалауымен» деген мағынаны білдіретін бұл тіркесті Голливуд жұлдызының өз деңгейінде, орынды қолдануы көпшілікті сүйсінтті. Әлеуметтік желілердегі оқырмандар Энн Хэтэуэйдің бұл сөзін оның қарапайымдылығы мен өзге мәдениеттерге деген құрметінің белгісі деп бағалап жатыр.

Барлық жаңалық