Жаңалықтар

Елімізде АЭС құрылысы қашан басталатыны нақтыланды

Елімізде АЭС құрылысы қашан басталатыны нақтыланды

Атом энергиясы агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде қол қойылуы мүмкін құжаттарды жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Владимир Путиннің мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан мен Ресей алғашқы атом электр станциясын салу туралы екі үкіметаралық келісімге қол қоюы мүмкін. Бұл құжаттар АЭС құрылысын және жобаның қаржылық аспектілерін қамтиды.

Сонымен қатар "Росатом" бас директоры Алексей Лихачевтің айтуынша, Қазақстанның алғашқы атом электр станциясының белсенді құрылысы 2027 жылы басталады.

Станция 2030 жылдардың ортасында жұмыс істей бастайды деп жоспарланды.

"Біз оны кезең-кезеңімен, блок бойынша, бірінші және екінші блоктар арасында 8-10 айлық үзіліспен іске қосамыз деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз – бұл жобаны 2030 жылдардың ортасына дейін аяқтау", – деді ол.

Барлық жаңалық