Шоу-бизнес

Димаштың інісі Мансұр жаңа фотоларымен желіні дүр сілкіндірді(ФОТО)

Димаштың інісі Мансұр жаңа фотоларымен желіні дүр сілкіндірді(ФОТО)

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің інісі Мансұр Құдайберген әлеуметтік желіде жаңа фотоларын жариялап, желі қолданушыларын тәнті етті деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Мансур Instagram парақшасында суреттерімен бөлісіп, тыңдармандарына жылы лебіздері үшін алғыс айтты. Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасында ағайынды екеуі бірге орындаған “Samgau” әні жарық көрген еді. Жаңа туындыны тыңдармандар жоғары бағалады.

Желі қолданушылары Мансурдың сырт келбетін ерекше атап өтті. Көпшілігі оның «модельге ұқсайтын келбеті бар» екенін жазып, өнердегі болашағына сәттілік тіледі.

Пікір қалдырушылардың кейбірі:

  • «Мансур өте әдемі, нағыз талантты музыкант»

  • «Құдайберген ағайындылары – нағыз өнерлі жігіттер»

  • «Жас болса да, үлкен өнер жолына түсіп келеді»

Айта кетейік, Мансур соңғы уақытта музыкамен белсенді айналысып, ағасы Димашпен бірге түрлі шығармашылық жобаларға қатысып жүр.

Барлық жаңалық