Қоғам

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті (ВИДЕО)

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті (ВИДЕО)

29 тамызда Шахтер күніне арналған концерттен кейін Димаш Құдайберген Қарағандыдағы Qarmet компаниясына қарасты Костенко атындағы шахтаға барды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Әнші шахтаның 700 метр тереңдігіне түсіп, кеншілердің еңбек жағдайымен танысты. Оған шахтаның жұмысы, заманауи қауіпсіздік жүйелері және жер астындағы адамдардың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін жабдықтар көрсетілді.

Кәсіпорынға барғаннан кейін Димаш Құдайберген Instagram парақшасында кеншілермен кездесуі туралы жазып, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Бұл мамандық иелеріне деген құрметім зор. Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық! Шахтер күні құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ауысымдарыңызға қауіпсіздік тілеймін! Рақмет, Qarmet!» – деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, 29 тамызда Димаш Құдайберген Қарағандыда Шахтер күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараға 250 мың адам келген.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген Қарағандыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады. Әншінің бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше назарын аударды.

Барлық жаңалық