Шоу-бизнес

Диджей Иманбек трассада қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетті (ВИДЕО)

 Диджей Иманбек трассада қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетті (ВИДЕО)

Қазақстандық диджей әрі продюсер Imanbek трассада бұзылып қалған таксидің жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оқиғаға қатысты видеоны әлеуметтік желіде жолаушылардың бірі жариялаған. Оның айтуынша, олар таксимен Ақсу қаласына бет алған, алайда жолда көлік істен шығып, жолаушылар трасса бойында қалып қойған. Сол себепті олар өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатуға мәжбүр болған.

Бізге көмектесу үшін Иманбектің өзі тоқтады. Мұны Жаңа жылдың алғашқы күніндегі жақсы белгі деп қабылдадым, - дейді видео авторы.

Барлық жаңалық