Жаңалықтар

Дастан Сәтпаев соңғы матчта дубль жасап, "Қайратпен" қоштасты

Дастан Сәтпаев соңғы матчта дубль жасап, "Қайратпен" қоштасты

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында петропавлдық «Қызылжарды» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды  ozgeris.info сайты. 

Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ерекше көзге түсіп, дубль авторы атанды. Ол 59 және 87-минуттарда қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

17 жастағы футболшы үшін бұл «Қайрат» сапындағы соңғы ойын болды. Алдағы уақытта ол келісімшарт жасасқан Англияның «Челси» клубына қосылады.

Алматылықтардың үшінші голын Исмаил Бекболат соқты. Қазақстандық шабуылшы 85-минутта мергендігімен көзге түсті.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» өз қоржынына 30 ұпай жинап, турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды. Ал «Қызылжар» 15 ұпаймен оныншы сатыда қалып отыр.

Барлық жаңалық