Қоғам

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен Халықаралық планетаны жасылдандыру күнін жариялады

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен Халықаралық планетаны жасылдандыру күнін жариялады

Бұдан былай 22 сәуір-Халықаралық планетаны жасылдандыру күні болып белгіленді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынған қарарды қабылдады,деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында көтерген болатын. Кезекті ұсыныс арада бір жылға жуық уақыт өткенде халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау тауып, ресми құжатқа айналды. Әлемнің әртүрлі аймағынан 32 мемлекет қарардың тең авторлары ретінде шықты.

🔹 табиғатты қорғау және бүлінген экожүйелерді қалпына келтіруге;

🔹 жасыл аймақтардың көлемін кеңейтуге;

🔹 қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

Сонымен қатар, құжат мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды және азаматтық қоғамды осы салада нақты бастамаларды жүзеге асыруға шақырады. Бұл идея «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен үндеседі.

 

Барлық жаңалық