Жаңалықтар

Болашақ чемпиондар бас қосты: Баянтауда ұлттық спорттан республикалық дода өтіп жатыр

Болашақ чемпиондар бас қосты: Баянтауда ұлттық спорттан республикалық дода өтіп жатыр

Павлодар қаласындағы "Баянтау" спорт сарайында қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің жалауы желбіді. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған бұл дүбірлі дода Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Рымтай Ізбастинді еске алуға арналған. Павлодар-онлайн ақпарат көзі хабарлағандай, мамырдың 15-і мен 17-сі аралығында өтетін жарыста еліміздің барлық аймағынан келген 2009-2010 жылдары туған 350-ге жуық жас балуан бақ сынайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы межеден айтарлықтай жоғары, былтыр аталған бәсекеде 200-ден астам спортшы күш сынасқан болатын деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Биылғы доданың басты ерекшелігі жеңімпаздарға тағайындалған сыйақыдан байқалады. Тоғыз салмақ дәрежесі бойынша топ жарған чемпиондар Satbayev University, Toraighyrov University, Margulan University және Kozybayev University сияқты еліміздің маңдайалды жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. Жас дарындардың қадамына сәттілік тілеп, қолдау көрсету үшін бозкілем жиегіне қазақ спорт өнерінің жарық жұлдыздары жиналды. Олардың қатарында Шавкат Рахмонов, Садриддин Ахметов және Жәнібек Әлімханұлы бар.

Бұл жарыс Ертіс өңірі үшін игі дәстүрге айналған. Спорттық шара өскелең ұрпақтың шеберлігін шыңдап қана қоймай, ел мақтанышы болған бірегей тұлғаны ұлықтауды көздейді.

Ерен еңбегі мен ерлігі үшін екінші дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ қоржынды "Жапонияны жеңгені үшін", "Ерен еңбегі үшін" және "Тың жерлерді игергені үшін" медальдары толтырды.

Барлық жаңалық