Қоғам

"Бір диплом жетеді":Қарағандыда студенттерді аудиториядан әскерге күштеп әкетті

"Бір диплом жетеді":Қарағандыда студенттерді аудиториядан әскерге күштеп әкетті

Қарағандыда кезекті шулы оқиға болды. Әскерилер студенттерді диплом қорғаған жерінен тікелей алып кеткен. Бұл жағдай Қарағанды техникалық университетінде тіркелді деп хабарлайды ozgeris.info сайты qumash телеграм арнасына сілтеп.

Жігіттердің бірінің әпкесі мән-жайды ашып айтты. Оның сөзінше комиссариат өкілдері студенттерді кабинеттен шығармаған. Олар диплом қорғау рәсімінің толық бітуін күткен. Содан кейін жастардың қолына шақыру қағазын ұстатқан. Оларды медициналық тексеріске күштеп әкеткен.

Бойжеткен інісінің соңынан дереу барған. Жігіттің бірінші шілдеге дейін әскерден уақытша босатылу құқығы бар екен. Ол оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыруды жоспарлаған. Алайда комиссариат қызметкерлері оны босатудан мүлдем бас тартқан.

Олар жас түлекке "бір диплом жетеді" деп кесіп айтқан. Тіпті әпкесіне бұл іске араласпауды қатаң бұйырған. Кедергі келтірген жағдайда інісін оңтүстік өңірге жібереміз деп қорқытқан. Әскерилер ол жақтағы жағдайдың өте қиын екенін алға тартқан.

Бірақ бойжеткен мұндай қорқытулардан қаймықпаған. Ол табандылық танытып інісіне араша түсті. Бір тәуліктен астам уақыт өткен соң бірнеше студент босатылды.

Бұл даулы оқиғаға Білім министрлігі араласты. Ведомство өкілдері арнайы тексеріс жүретінін мәлімдеді. Егер заң бұзу фактілері расталса кінәлілер міндетті түрде жазаланады.

Барлық жаңалық