Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың қалыңдық көйлегімен түскен қызбен түскен бірнеше видеосы тарады, деп жазады ozgeris.info.
Жансұлу Әнуар есімді қыздың парақшасындағы видеоларынан Қайрат Нұртаспен арнайы фотосессия жасағандарын байқауға болады.
Өлшеулі ғана өмірде бақытты болу үшін келдіңіздер, әр адам бақытты болуға лайық.
Кімге бақыт тілейсіз, кімге биыл ақ көйлек кию бұйырсын дейсіз сол жанға жіберіңіз, себебі кімге не жасасаңыз сол міндетті түрде сізге қайтып келеді!, - деп жазды ол.
Сонымен қатар, оның махаббат жайлы жазбалары көпшілікті алаңдатып қойды.
«Жұлдыздай бола алмайсың-ау сен», «Екінші әйелі осы шығар», «Бес баланың көз жасы жібермейді», «Жай жарнама секілді», «Байлық не істетпейді», деп жазды желі қолданушылары.