Жаңалықтар

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев Мадина жайлы сұмдықты айтты

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев Мадина жайлы сұмдықты айтты

Блогер Жан Ахмадиев Мадинаның өліміне қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан пікірлерге байланысты үндеу жасады. Ол Мадиярды қорғау үшін марқұм Мадинаны кінәлаудың орынсыз екенін айтты, деп хабарлайды  Ozgeris.info

Блогердің пікірінше, қайғылы оқиғаның нақты мән-жайын тергеу нәтижесі мен сараптамалар анықтауы тиіс. Ал өмірден өткен адамды дәлелсіз айыптау — дұрыс емес.

«Мадиярды қорғағыларың келсе — қорғаңдар. Бірақ ол үшін өмірден өткен Мадинаны қаралаудың қажеті жоқ! Ол енді өзіне жауап бере алмайды. Шындықты тергеу мен сараптама анықтасын. Ал Мадинаның аруағын қорлауға жол бермейміз!» — деп жазды Жан Ахмадиев.

Осылайша блогер жұртшылықты ресми тергеу қорытындысы шыққанға дейін асығыс шешім жасамауға шақырды. Сондай-ақ марқұмның ар-намысына құрметпен қараудың маңызды екенін атап өтті.

Еске салайық, Меркіде қаза болған Мадинаға қатысты әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап жатыр. Олардың арасында әзірге ресми түрде расталмаған деректер де бар.

 
 
 
Барлық жаңалық