Ақтау қаласында «Хан» лақап атымен танылған асаба мен оның жұбайы Алма әлеуметтік желіде қызу талқыланған даулы видеоға байланысты алғаш рет пікір білдіріп, блогер Жан Ахмадиевке сұхбат берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Соңғы күндері желіде кең таралған бейнежазба қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға қатысты әртүрлі пікір айтып, түрлі көзқарас білдіруде.
"Мен шыдай алмаймын. Бұл кісіге қайдан ғана түсірдік сол видеоны деп айтамын. Қиын болып жатыр қазіргі таңда. Өзімнің әке-шешем жоқ. Өзіме қол жұмсасам ба деген де ойлар келді. Видеоны түсіру идеясы жолдасымдікі. Кез келген адамда болады ғой. Өздерін періште қылып көреді. Әр әйел өз күйеуіне, төсекте де қызық болуы керек шығар деп ойлаймын. ", - деі асабаның әйелі.
Ал асаба Ханның өзі бұл видеоны өзі тараптпағанын айтуда.
"Бұл видеоны әдейі таратып жіберіп тұр ғой. Өзіміз үшін түсіргенбіз. Тарату үшін түсірген жоқпыз", - деді асаба.
Жан Ахмадиев өз парақшасында бұл жағдайға біржақты баға беруге асықпайтынын жеткізді.
«Қазір ел ішінде қызу талқыланып жатқан видеодағы ерлі-зайыптылар Хан мен Алма бізге арнайы сұхбат берді. Тараған бейнежазбаға қатысты пікір сан алуан. Алайда шындық әрдайым бір қырынан көрінбейді. Біз ешкімді ақтап та, қаралап та отырған жоқпыз. Тек оқиғаны олардың өз аузынан жеткізуді жөн санадық. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?» – деп жазды блогер.