Шоу-бизнес

"Байдан байға тоқал болып": Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызы туралы (ВИДЕО)

"Байдан байға тоқал болып": Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызы туралы (ВИДЕО)

Журналист, қоғам белсендісі Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызына не үшін шүйліккенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл туралы ол "QazaqAiran" жобасында мәлімдеді. 

"Темір қатын" деген рэпімді Баян Мақсатқызына арнап шығарғам. Ол кісі маған келіп ренжіді. Менің бұрқанып тұрған жас кезім еді. Қазір ойым өзгерді. "Әйелді аптасына бір рет сабап тұру керек" деп те айтқам. Бірақ оны айтқан бұрынғы Жан Ахмадиев. Қазір ойымды өзгерттім. Негізі мені асырап алған, шешем тастап кеткен. Содан кейін менде әйелдерге деген жеккөрініш қалып қойған ба деп ойлаймын. Шынымен біздің елде әйелдер бағаланбайды. Қазір еркектер ез болып кетті. Әйелдерін сабап, тепкілейді. Мені көріп отырған барлық әйел қауымынан кезңнде айтқан сөзім үшін бас иіп кешірім сұраймын. Қателестім, қатемді мойындаймын", - деп ағынан жарылды ол. 

"Темір қатын" рэпінде айтылған сөздер төмендегідей: 

"Күллі қазақ қатындары сол қатынның құлы болды

Темір қатын интернеттің таусылмайтын жыры болды. 

Байдан байға тоқал болған бұл бәленің несі қызық?

Намысы бар еркек келіп кетті оның бетін бұзып". 

Барлық жаңалық