Қайғылы оқиға Аққыстау ауылында болды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиғадан кейін пойыз тоқтап, бұл учаскедегі қозғалыс белгілі бір уақытқа шектелді.
Редакция тілшісі Көліктегі полиция департаментіне осы жағдай бойынша сұрау жолдады.
«Атырау станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,- деп хабарлады олар.