Жаңалықтар

Астанадағы оқиға: депутат қытай азаматының әрекетіне пікір білдірді

Астанадағы оқиға: депутат қытай азаматының әрекетіне пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов Астанада көшеде дәрет сындырған шетел азаматының әрекетіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Әлеуметтік желілерде Астанадағы Достық көшесі бойындағы ғимараттардың бірінің жанында көшеде дәрет сындырған шетелдік азамат түсірілген видео тараған. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Олар 35 және 49 жастағы екі шетел азаматы екені белгілі болды. Алайда олардың тұлғасы анықталғанға дейін олар Қазақстан аумағынан шығып кеткен.

Соған қарамастан, полиция аталған азаматтардың Қазақстанға қайта кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салынғанын хабарлады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдайға байланысты Ішкі істер министрлігі Сыртқы істер министрлігіне ресми хабарлама жолдап, тиісті шара қабылдауды сұраған.

Полиция өкілдері барлық азаматтарды, олардың азаматтығына қарамастан, қоғамдық тәртіп пен мінез-құлық нормаларын сақтауға шақырды.

Барлық жаңалық