Астана қаласы

Астанада тоғыз қабатты үйдің сырты опырылып,адамдар зардап шекті

Астанада тоғыз қабатты үйдің сырты опырылып,адамдар зардап шекті

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы қабырғасы опырылып түсті, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Оқиға Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайындағы үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысы құлап, бірінші қабатта орналасқан дүкеннің кіреберісін басып қалған.

 

«Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, қабырғаның одан әрі құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», – делінген министрліктің хабарламасында.

 

Оқиға орнында демонтаждау және апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізілді.

Барлық жаңалық