Жаңалықтар

Астана мен Павлодар арасындағы ақылы тасжолда бетон жабындысы көтеріліп кетті: Кім жауапты?

Астана мен Павлодар арасындағы ақылы тасжолда бетон жабындысы көтеріліп кетті: Кім жауапты?

Күре жолдың жиегінде есіктері мен жүк салғыштары айқара ашылған бірнеше көлік қаз-қатар тұр. Жүргізушілер мен жолаушылар зақымдалған темір тұлпарларын мұқият тексеріп әлек. Жылдамдықпен жүруге арналған трассадағы бұл жаппай бүлінуге жол жабындысының деформациясы себеп болған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бетон тақтаның бір бөлігі орнынан көтеріліп кеткен. Ол көлденеңінен өте сүйір әрі биік кедергіге айналып үлгерді. Куәгерлер осы қауіпті тұзақтың салдарын бейнежазбаға түсіріп алды. Қақ айырылған учаскенің жанында бір ер адам телефонмен сөйлесіп тұр. Ол тиісті орындарға төтенше жағдай туралы хабарлап жатқаны байқалады.

Бейнежазбаны түсіріп келе жатқан көлік ішіндегі жолаушылар асфальттағы ақаудың өте қатерлі екенін баса айтады. Тоқтап тұрған машиналардың зақымдану сипаты да қызу талқыланды. Жүргізушілердің сөзінше, көліктердің астыңғы бөлігіне қатты соққы тиген. Кейбірінің дөңгелектері жарылып қалған. Соның кесірінен адамдар жол шетінде қосалқы шина орнатуға мәжбүр.

Бұл ауыр оқиға  Астана-Павлодар трассасында болған.

 

 

Барлық жаңалық