Шоу-бизнес

"Артын Әбдіжаппар жапты": Мейрамбек Беспаев маңғыстаулықтардың сынына ұшырады (ВИДЕО)

"Артын Әбдіжаппар жапты": Мейрамбек Беспаев маңғыстаулықтардың сынына ұшырады (ВИДЕО)

Әнші Мейрамбек Беспаев әріптесі Ұлықпан Жолдасовтың Маңғыстауда өткен концертінде бір ғана ән орындап кеткені үшін желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Концерттен кейін Threads желісінде жазба жариялаған қолданушылардың бірі әншіге ренішін жасырмады.

«Мейрамбек ағау, басқа-басқа дәл сіз бен Музартты халыққа Ұлықпанның біраз әні танытып еді. Сіздер арқылы Ұлықпан, Ұлықпан арқылы сіздер хитсіздер.

Аға буын деп сыйлап келіп тұрып, 1-ақ ән айтып кеткеніңіз болмады. Халық сізді күтіп еді. Қазір Ақтау өртенеді деп… Ұлықпан аға да сізді әдейі кештің соңына қойғызып еді…

Эх, артыңызды Әбдіжаппар жауып жіберді ғой, аға», – деп жазды желі қолданушысы.

Желіде бұл пікірді қолдағандар да табылды.

«Мөлдір мен Баянның ісіне араласқанынан-ақ көңілім қалған бұдан».

«Бір жылы Америкаға Наурызға келіп бірде-бір ән айтпай кеткенде көңіліміз қалған».

«Мейрамбекті күтіп-күтіп, үйімізге кеткен едік. Сондағысы жалғыз ән бе орындағаны? Кеткеніміз жақсы болған екен».

Алайда әншіні жақтап шыққандар да болды.

«Кештің өзінің жоспары бар, соған қарай әрекет етеді. Бұл Мейрамбектің кеші емес, әрбір істің шектеуі бар ғой».

Ал жазба авторы өз кезегінде:

«Үлеке, рұқсат болса тағы бір 2-3 әніңді орындайын десе, басын кесіп алмай, қос қолдап сценарийге енгізетін еді», – деп жауап берген.

Айта кетейік, әзірге Мейрамбек Беспаев аталған сынға қатысты пікір білдірген жоқ.

Барлық жаңалық