Жаңалықтар

"Әр балл үшін 7мың теңге": Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан өткізіп беремін деп оқушылардан ақша алған

"Әр балл үшін 7мың теңге": Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан өткізіп беремін деп оқушылардан ақша алған

Ақтөбеде мектеп мұғалімі ата-анадан әр балл үшін 7 мың теңге алып, оқушыларға кем дегенде 80 балл уәде етті. Сот мұғалімді алаяқтық жасады деп танып, 2 жыл 4 ай мерзімге еркіндік шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Мұғалім балалардың ата-анасына егер әр балл үшін 7 мың теңгетөленсе, әрбір оқушыға кем дегенде 80 балл беруге уәде еткен. Педагог әдіс-тәсілін айтпаған, тек уәде берген. Нәтижесінде бірнеше ата-ана оған барлығы 560 мың теңге берген, бірақ ақша шын мәнінде мұғалімнің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Сот отырысында педагог өзінің кінәсін толық мойындады. Сотқа банк шоттарының үзінділері және басқа да дәлелдер ұсынылды.

Ақтөбе қаласының №2 соты мұғалімді алаяқтық жасады деп танып, оған 3 жыл 6 айға дейінгі еркіндіктен айыру және сол мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистия туралы заңға сәйкес, негізгі жазаның өтелмеген бөлігі үштен бір бөлікке қысқартылып, педагогке 2 жыл 4 ай мерзімге шектеу түріндегі жаза бекітілді.

Барлық жаңалық